Ақтөбеде жол апатынан бір адам көз жұмып, екі жасар бала ауруханаға түсті

Фото:
АҚТӨБЕ.ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында екі көлік соқтығысып қалды. Салдарынан бір адам көз жұмып, екі жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 14:30-да болды.

«LADA Granta» автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі қаладағы 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы «Локомотив депо» бау-бақша ұжымынан шығып, басты жолда келе жатқан көлікке жол бермеді. Салдарынан 20 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Lada Priora» автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lada Priora» автокөлігінде отырған 32 жастағы әйел дене жарақатынан қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала Ақтөбе қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарынан жолдарда мұқият болуды және жылдамдық режимін сақтауды, қозғалыс кезінде автомобильдер арасындағы арақашықтықты бақылауды сұрайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар