Ақтөбеде жол апаты кезінде велосипед жүргізушісі көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі велосипед айдаған зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Infiniti FX35» автокөлігінің жүргізушісі Некрасов көшесімен келе жатып, 68 жастағы велосипедшіні қағып кетті.

Салдарынан велосипедші жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, алған жарақатынан көз жұмды.

Ал 51 жастағы жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Велосипедшілер өзге көлік құралдарының жүргізушілері, сондай-ақ жаяу жүргінші секілді жол қозғалысына қатысушы болып табылады. Велосипед айдаған кезде жол қозғалысының ережесі талаптарын басшылыққа алуы тиіс. Қозғалыс басталған және маневр жасаған кезде тиісті сигналдарды көрсету, жүру бөлігін жаяу жүргіншілер өтпесімен кесіп өтуі керек. Көбіне бұл талапты ересектер де, балалар да елемейді», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Соңғы жаңалықтар