Ақтөбеде жол апаты кезінде 3 бала тірідей жанып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол апаты болып, 15, 13 және 1 жастағы балалар көлік ішінде жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 16:00-де Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында жол апаты болды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «LADA Largus» көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу кезінде жол ережесін сақтамай, салдарынан «DAF» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Кейін жолдың оң жағына қарай аударылған.


«Көлік аударылғанда әкесі терезеден ұшып кеткен. Ал көлік жанып кетті. Салдарынан 2007, 2009 және 2021 жылдары туған балалар көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жүргізуші жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.





Соңғы жаңалықтар