Ақтөбеде жоғалып кеткен жүкті әйел базардан табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 5 наурыз күні үйінен шығып, із-түзсіз кеткен Динара Зарипова бүгін Орталық базардан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 10 күн бұрын жоғалған Дирана Зарипова табылды. Оны іздеу жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері бағыт-бағдар хабарламасын беріп, туыс-туғандарын, таныстарын аралап шықты. Келіншек бүгін Орталық базардан табылды, дені сау. Қазіргі кезде хабарсыз кету себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Динара Зарипованың сіңлісі Гүлмира Зарипова көмек көрсеткен адамдарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 32 жастағы әйел Динара Зарипова хабарсыз кетті. Туған-туыстары полицияға хабарласып, көмек сұрады.

Соңғы жаңалықтар