Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз жалдамалы пәтерден табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз бала аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"2 мамырдан 3 мамырға қараған түні сағат 01:30-да іздеуде жүрген Аружан Қанатова табылды. Ол ата-анасымен ұрысып, Ойыл ауданынан Ақтөбе қаласына кетіп қалған. Содан ешкімге хабарласпаған. Іздеу жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де қатысты. Ол Ақтөбе қаласы Тургенев көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 1 мамыр күні жасөспірім қыз жоғалып, іздеу жарияланған болатын.

1

Соңғы жаңалықтар