Ақтөбеде жоғалып кеткен директорды сүңгуірлер іздеп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп директоры Бақтыгерей Тәжмағамбетов пен оның досы Нұржан Махановты ауыл тұрғындары іздеп жатыр. Қазір сүңгуірлер жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақұдық ауылының тұрғындары 6-қазан күні балық аулауға шығып, үйіне оралмады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, еріктілер су жағасын тінтіп шығып, күртелерді тауып алды.null

«Ауыл тұрғындары түгел платина жағасын қарап шықты. Ақтөбе қаласынан іздеу жұмыстарын жүргізуге төтенше жағдайлар қызметі келді. Су астын сүңгуірлер қарап жатыр. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Негізі олар балық аулауға шыққан. Жанында досы болған. Олар балық аулаған жер - шаруашылықтың платинасы»,- деді Қарақұдық ауылының әкімі Абат Ізтілеуов.null

Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі оқиға орнында полиция қызметкерлері жүргенін хабарлады. Сонымен қатар, ТЖД-нің құтқару қызметі де іздеуді жалғастыруда. Еріктілер қайық, сүңгуір киімін ақтөбеліктерден сұрастырды.

  null 

Соңғы жаңалықтар