Ақтөбеде жоғалып кеткен 6 адамды іздеуге учаскелік инспекторлар жұмылдырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жылқы іздеп кеткен 6 адамды іздеуге учаскелік инспекторлар түгел жұмылдырылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданынан мал іздеуге шыққан 6 адамнан әлі хабар жоқ. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарақовтар жоғалған жылқыны іздеуге шығып, жанына 4 адамды ертіп алған. 1 қыркүйекте шығып, соңғы рет 3 қыркүйекте байланысқа шыққан адамдарды қазір полиция іздеп жатыр. 

«Ақтөбе облыстық ІІД-нің Криминалды полиция басқармасы Ақтөбе қаласының тұрғыны Мейірхан Қарақов пен Мейіржан Қарақовты іздестіріп жатыр. Олар 31 тамызда жоғалған малдарын іздемек боп Шалқар қаласына жолға шыққан. Бүгінгі күнге дейін үйлеріне оралмаған. Қазіргі таңда жоғалғандарға қатысы кешенді іздестіру шаралары қолға алынды. Іздеу ісі қозғалды. Селолық округтардың учаскелік инспекторлары түгелдей жұмылдырылуда. Жоғалғандар туралы қандай-да бір ақпарат білетіндерге полицияға жүгінулерін сұрайды. Ағайынды Қарақовтарды көрген немесе қандайда бір мәліметтерді білген азаматтардың полицияға келесі телефон нөмірлеріне 8-(7132) 99-69-25, 99-68-02 ( Ақтөбе қ. Заречный ПБ кезекші бөліміне), 102 және  98-45-44 (Ақтөбе қ. ІІБ Жедел басқару орталығына) және 98-00-77, 98-77-00 (ІІД КПБ іздестіру бөліміне) хабарласуларын сұраймыз»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар