Ақтөбеде жоғалып кетіп, табылған 6 жасар қызды ата-анасы ұрып-соққаны анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе полициясы 6 жасар қыздың ата-анасы оны ұрып-соққанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 6 жастағы қыз таңертең үйінен шығып кетіп, кешке табылған болатын. Полиция инспекторлары оны отбасылық үлгідегі саябақтан тапты.

Бүгін осы оқиғаға қатысты тың деректі жарияланды.

«Қыздың денесі көгерген соң полиция қызметкерлері жедел медициналық көмек шақырды. Қыздың ата-анасы сол күні полиция бөліміне жеткізіліп, «қолайсыз отбасы» санаты бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді, есепке қойылды. Қыздың анасына қатысты Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол қызын үнемі ұрып-соққан», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған барлық заңбұзушылыққа қарсы іс-әрекеттер туралы 102 нөміріне және №1 ҚПБ қызметкерлері Медет Хамидулла ( 8701 735 34 73), №2 ҚПБ Жомарт Имашевқа (8705 604 38 30), №3 ҚПБ Ерлан Еламановқа (8777 619 96 60), №4 ҚПБ Еркін Малаевқа ( 8705 744 01 44) хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар