Ақтөбеде жоғалған мектеп оқушысы аудан орталығынан табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы үйінен түн ішінде шығып кеткен 14 жастағы мектеп оқушысы Айнұр Өтеген аудан ортылығынан табылды. Ол танысының үйінде жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыздың 30-ы күні үйінен шығып кеткен Айнұр Өтегенді полиция қызметкерлері төрт күн бойы іздеді. Жедел іздестіру жұмыстары тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жүргізілді.

«Полиция қызметкерлері жасөспірімді Хромтау қаласынан тапты. Ол осы уақытқа дейін танысының пәтерінде өз еркімен тұрған. Құқық қорғаушылар Айнұр Өтегенді өз ата-анасына тапсырды. Белгілі болғаны, ол бұған дейін де бірнеше рет үйінен хабарсыз кетіп қалған»,- деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлер жасөспіріммен, оның ата-анасымен әңгіме жүргізді.

Бұған дейін Ақтөбе қаласының тұрғыны Айнұр Өтегеннің жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Жасөспірімнің суреті мен ол туралы ақпарат әлеуметтік желі арқылы кең тарап, полиция іздеу жариялады.

Соңғы жаңалықтар