Ақтөбеде жоғалған балалар өзен жағасынан табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп-интернаттың үш тәрбиеленушісі табылды. Оларды ауыл тұрғыны өзен жағасынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ырғыз ауданындағы мектеп-гимназияның интернатында жататын үш бала жоғалып кетіп , аман-есен табылды. Оларды іздеуге ауданнан ондаған адам жұмылдырылды.

«Іздеуге шыққан кезде өзен жағасына бардым. Сол жерде айқайлап ұзақ жүрдім. Әрқайсысының атын атап шақырдым. Бір кезде әлсіз дыбыс шықты. Олар қайыққа отырып, өзеннің арғы бетіне өтіп кеткен. Аттарын атап, бәрінің тірі екеніне көз жеткіздім де жауаптыларға қоңырау шалдым. Себебі түн салқын, өзенді жүзіп өту мүмкін емес еді. Олар тоңып қалған»,- деді ауыл тұрғыны Батырхан Сермағанбет.

Айта кетейік, балалардың табылғанын облыстық ТЖД баспасөз қызметі де растады.


Соңғы жаңалықтар