Ақтөбеде жоғалған 6 жасар қыз ойын-сауық орталығынан табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалып кеткен баланы полиция қызметкерлері тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Ата-анасы емханаға кетіп қалғанда ол үйінен шығып, автобусқа мінген. Сөйтіп балалар ойнайтын орталыққа барған. Алғашында оны есік алдынан өткізбеген. Кейін өзі қоршаудың өзге жерінен рұқсатсыз кіріп, кешке дейін ойнап жүрген. Полиция тауып, ата-анасына тапсырды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы Тургенев көшесінде тұратын 6 жастағы Айлана Батырбаева іздестірілді. Іздеу жұмыстарына еріктілер тобының 15-ке жуық адамы жұмылдырылды. 9


Соңғы жаңалықтар