Ақтөбеде жоғалған 4 жасар бала көшеден табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде аула ішінде ойнап жүрген 4 жасар қыз белгісіз бағытқа шығып кетіп, адасып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қала лық полиция басқармасының жедел басқару орталығына 4 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Ата-анасының айтуынша, балдырған аулада ойнап жүріп, кейін жоғал ған.

№3 қалалық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел іздестіру жүргізді. Инспекторлар арада екі сағат өткенде қала көшелерінің бірінен жоғалған баланы тапты. Ол үйінен 1,5 шақырымға ұзап кеткен.

Тәртіп сақшылары табылған баланы үйіне аман-есен жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Анасы кішкентай қызын іздеуге көмектескені үшін полицияға алғыс білдірді.

«Ата-анасы немесе туыстары баланың хабар-ошарсыз кеткенін білген соң дереу полицияға хабарласуы керек. Әдеттегі уақыт та үйге оралмаса, кейінге қалдырмай, қоңырау шалу ы тиіс. Әрдайым сақтанған дұрыс. Түскен хабардан соң баланы іздестіруге жедел-тергеу тобы жұмылдырылады», - деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.



Соңғы жаңалықтар