Ақтөбеде жерді мұнаймен ластаған компанияға айыппұл салынды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі ірі мұнай компаниясында құбырдан мұнай ағып кетіп, жерді ластады. Экологтар сынама алып, тексеру жүргізген соң айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында мұнай ұңғымасынан беймәлім сұйықтық ағып, айналаны ластаған.

Облыстың экология департаменті «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарасты «Кеңқияқмұнай» КМГДБ №797 ұңғымасын тексерді.

«Апаттық оқиға №797 ұңғыма бағанын дәнекерлееу кезінде болды. Салдарынан ұңғымадан атқылаған мұнай аралас ластанған су 3168 шаршы метрге жайылды. Тексеріс барысында топырақ сынамалары алынып, нәтижесінде жерді мұнай ластанғаны анықталды. ҚР Экологиялық заңнамасы талаптарын бұзғаны үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы ҚР ӘҚБтК 337-бабының төртінші бөлігі негізінде 3 063 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар апаттық жағдай туралы уәкілетті органға дер кезінде хабарламағаны үшін ҚР ӘҚБтК 327-1-бабының бірінші тармағына сәйкес 200 АЕК құрайтын әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлады облыстық экология департаменті.

Сонымен қатар, ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес қоршаған ортаға келтірілген экологиялық залалды жою туралы ремедиация бағдарламасын жасау туралы нұсқама берілді.


Фото: epravda.com.ua


Соңғы жаңалықтар