+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жолаушы көз жұмды

2021 жылғы 25 қараша 16:53
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жолаушы көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін Самара-Шымкент тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жоғалған геологтар аман-есен табылды Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды Елордада адасып кеткен оқушы табылды

Оқиға бүгін сағат 11:30-да болды. Самара-Шымкент тасжолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің маңында жол апаты болды.

«Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрын жасап, нәтижесінде DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Honda автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды сұраймыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT