Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, екі адам көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Самара-Шымкент» тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самара-Шымкент» тас жолының Қалыбай ауылы маңында «Pontiac-Viva» автокөлігі тайып, жол жиегінде тұрған «DAF» жүк көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Pontiac» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ақтөбе облыстық ПД бастығы Атығай Арыстановтың айтуынша, көбіне жүргізуші жол ережелерін сақтамайды.
«Ережені елемейді, белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетеді. Ара қашықты сақтамайды. Мұның бәрі қайғылы оқиғаға әкеп соғады. Жол қателіктерді кешірмейді. Жыл басынан бері облыста 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 12 адам мерт болып, 135 адам түрлі дене жарақатын алды», - деді А.Арыстанов.


Соңғы жаңалықтар