Ақтөбеде жеңіл және ГАЗель көлігі соқтығысып, жолаушы көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл және ГАЗель көлігі соқтығысып, жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе-Богословка тас жолында болды. 9 желтоқсан күні сағат 03:45 шамасында «ВАЗ 2112» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ГАЗель жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 2112» автокөлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен екі жолаушы Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар