Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысып, екі адам аурухананың жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолының Ақтөбе қаласы Украинка ауылы маңында болды.

«Lada-219410» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Украинка ауылына қарай бағыт алып, жол ережесін бұзды. Сол кезде экскаватормен соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Lada-219410» автокөлігінің екі жолаушысы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл 9 айда олардың қатысуымен 120 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Онда 12 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алды.

Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 8 мыңнан астам жаяу жүргінші мен 2,7 мың жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар