+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Ақтөбеде жеңіл көлік көпірге кептетіліп қалды

2021 жылғы 16 қазан 14:31
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жеңіл көлік көпірге кептетіліп қалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жол ережесін бұзған жүргізуші көлігімен бірге көпірге кептетіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да екі жеңіл көлік соқтығысып, үш адам жарақаттанды Батыс Қазақстанда автокөлік 66 жастағы әйелді қағып кетті Қызылордада жеңіл көлік дарияға суға түсіп кетті

Ақтөбе қаласындағы Заречный көпірінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. DAF автокөлігің жүргізушісі көпірмен жүріп, қатар келе жатқан машинаға жол бермеді. Сол кезде Kia маркалы көлік көпірдің қоршауына кептетіліп қалды.


«Ешкімнің денсаулығына зақым келмеді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Облыстық полиция департаменті жолдағы қакіпсіздікті сақтауға шақырады. Биыл 9 айда облыс жолдарында 391 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 68 адам қаза тапты. Тағы 520 адам түрлі жарақат алды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, жыл соңына дейін облыс орталығында 452 «Сергек» зияткерлік камерасы бар 79 аппараттық-бағдарламалық кешен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 2400 камера орнату жоспарланды. Тек жүргізушілер емес, жаяу жүргіншілер де жолда қауіп төндіреді. Биыл 9 айда олардың қатысуымен 120 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 12 адам қаза тауып, 110 адам жарақат алды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 8 мыңнан астам жаяу жүргінші мен 2,7 мың жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.
Республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда 73 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 33 адам мерт болды. Жол апатының 82% астамы халықаралық маңызы бар «Самара-Шымкент» және республикалық маңызы бар «Ақтөбе - Атырау – РФ шекарасы (Астрахань қ.)» тиесілі.
«Мас жүргізушілердің кінәсінен биыл 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 2 адам қаза тауып, 16 адам түрлі жарақаттар алды», – деді Атығай Арыстанов. Сондай-ақ, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған 113 мас жүргізуші қылмыстық жауапқа тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT