Ақтөбеде жеңіл көлік аударылып, екі адам қаза тапты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолында көлік аударылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Самара - Шымкент тасжолында жол апаты болды. Хромтау ауданының Белқопа ауылы маңында «Тойота-Альфард» көлігі аударылып қалды.
«Екі ер адам оқиға орнында мерт болып, екеуі түрлі дене жарақатымен Хромтау аудандық ауруханасына түсті. Жүргізуші рульге ие бола алмай, оң жаққа аударылған. Тексеру кезінде оң жақта болған рулі сол жағына ауыстырылғаны, қауіпсіздік жастығы болмағаны анықталды. Көлік Армения нөмірлі, иесі ақтөбелік», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар