Ақтөбеде жемқорлардан өндірілген қаржыға мектеп салынды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе обылсы Мұғалжар ауданындағы Құмжарған орта мектебі пайдалуға берілді. Бірнеше жыл бойы құрылысы тұралап қалған білім ордасын пайдалануға беру үшін жемқорлардан өндірілген қаржы жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал бүгін білім ордасы қолданысқа берілді. Алышу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Есқали Саламатов және Құмжарған ауылының тұрғындары қатысты. Бұл білім ордасы 60 орындық.

«Былтыр ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жобаны қаржыландыруға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, біз «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасын бірінші болып іске қостық. Оның аясында облыс бойынша 10 мыңнан астам оқушы, оның ішінде Құмжарған негізгі мектебінің 50 оқушысын Ақтөбенің үздік педагогтері оқытады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық мекемелердің халыққа қолжетімді ету және медициналық қызметтердің сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту мәселелері шешілуде. Ауылдағы әрбір тұрғын маңызды», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.


Ал Есқали Саламатов ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықтан тәркіленген қаражатты мектеп салуға бағыттауды тапсырғанын алға тартты. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Қазақстанда алғаш рет Құмжарған ауылында орта мектеп пайдалануға берілді. Оның құрылысына сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде өтелген қаржы пайдаланылды. Құрылысы ұзаққа созылған жобаны аяқтауға 150 млн теңге жұмсалды.

Әлеуметтік нысанның құрылысы 2018 жылы басталған. Бірақ әртүрлі себептерге байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтап қалған. Мектеп құрылысы 2022 жылы қайта қолға алынып, биыл аяқталды.

Еске салсақ, Құмжарғандағы орта мектеп құрылысы шамамен 5 жыл бұрын тоқтап қалған.


ФОТО: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар