Ақтөбеде желтоқсан айындағы мерекелерге орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде кәсіпкерлер мен қалалық әкімдік мерекелерге орай жәрмеңке ұйымдастырып, жергілікті өндірушілердің азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруі үшін келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлер мен әкімдік ортақ келісімге келді. Енді алдағы демалыс, мекеме күндері ірі сауда орындары мен коммуналдық базарларда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

«Қала әкімінің тапсырмасымен мереке орай ірі супермаркеттердегі бағаны тұрақты ұстап тұруға келісім жасалды. Яғни, осы жылдың 1 желтоқсаны мен 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін бағалар сол күйі сақталуы тиіс. Сонымен қатар қалалық әкімдік пен облыстық кәсіпкерлік басқармасы «Актобе фудс» ЖШС және оның өнімдерін тасымалдаушы «САТ» ЖШС өсімдік майының 1 литрін 435 теңгеден 400 теңгеге дейін арзандатуға келісті. Әр апта сайын базарларда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді», - деді Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Әжниязов.

Биыл қалада 63 жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда 223 миллион теңгенің өнімі сатылды. Жәрмеңкеде тауар бағасы базардағы құнынан 10 пайызға арзан болады.

Еске салсақ, бағаның өсіміне жол берген Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тәртіптік жазаға тартылған болатын.

Соңғы жаңалықтар