Ақтөбеде жексенбі күні сауда үйлері мен сұлулық салондары жұмыс істемейді

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында бүгін спорт кешендері мен жаттығу залы жұмыс істемейді. Ертең барлық базар жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға жаңа талапты түсіндірді.

«Банк, ХҚО мен пошта қызметіне алдын ала жазылу керек. Жұмыс және сенбі күндері жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгіленіп отыр. Жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынды. Сауна және моншалар жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істеп, жексенбі күні жабылады. Сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілерге алдын ала жазылуы керек. Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтарына алдын ала жазылуы тиіс. Бұл орталықтар сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді»,- деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бассейндер жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес қызмет көрсетсе, сенбі және жексенбі күндері жабылады.

Ал жексенбі күні СОО, сауда үйлерінде, азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары жабылады.

Айта кетейік, өткен тәулікте өңірде 137 адамнан вирус анықталды. Оның 99-ы дерттің симптомды түріне шалдыққан.


Соңғы жаңалықтар