+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ақтөбеде жеке клиникадан өрт шығып, 200 адам сыртқа шығарылды

2021 жылғы 13 мамыр 18:30
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жеке клиникадан өрт шығып, 200 адам сыртқа шығарылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеке клиникадан өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметі барлық техниканы жұмылдырмақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбегі халықаралық әуежайда «Ashyq» қосымшасы іске қосылды Шығыс Қазақстанда биыл 108 дала өрті тіркелді Павлодарда дүкен өртеніп, 47 адам эвакуацияланды

Бүгін сағат 14:12-де Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесінде жеке клиникадан өрт шықты. Арада 2 минут өткенде өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті.

«Жертөлені ыс басып, өрт сөндірушілер негізгі ошақты анақтады. Аумағы 10 шаршы метрді құрайды. Мұнда бірден 42 қызметкер мен 7 техника өрт сөндіру жұмысына жұмылдырылды. Абырой болғанда, зардап шеккен адам жоқ. Ал клиника ішін түтін басқан кезде 200 адам сыртқа шықты», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Болжам бойынша от дәнекерлеу жұмысы кезінде тұтанған. Қазір төтенше жағдайлар қызметі негізді себебін анықтап жатыр.

Айтып өтейік, төтенше жағдайлар департаменті алғаш хабарлама түскенде бірден барлық техника мен қызметкерді дайындады. Өрт аумағы шағын болғандықтан тек бірнеше маман жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT