Ақтөбеде жедел жәрдем облыс әкімінің шақыруын қабылдамады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жедел жәрдем стансасының ғимаратында тұрып, диспетчерлердің жұмысын тексерді. Әкімнің нұсқауымен қоңырау шалынғанымен, диспетчерлер қабылдамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жедел жәрдем қызметінің басшылығымен, емхананың бас дәрігерлерімен кездесу өткізді. Кездесу кезінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевке ерекше тапсырма берді.

«Жедел жәрдемге телефон шалып, диспетчердің тіркеуі мен жедел жәрдем көлігінің келуін жасырын тексеруге тапсырма берілді. Сол кезде нақты көрініс белгілі болады. Әр маман өз қызметі үшін ақы алады, әрі халық алдындағы жауапкершілігі бар», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жиын соңында диспетчерлердің отыратын арнайы бөлмесіне кіріп, жұмысты тексерді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың нұсқауымен 103 нөміріне қоңырау шалынды. Бірақ алғашқы қоңырау диспетчерлерге түспей, жауап болмады.

Соңғы жаңалықтар