Ақтөбеде жазғы лагерь тәрбиешісі сотталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жазғы лагерь тәрбиешісіне үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың шілде айында «Ақбөбек Восток» лагеріндегі тәлімгердің қысым көрсеткенін айтқан жеті бала үйлеріне кетіп қалған болатын. Облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұловтың мәліметінше, 25 шілдеде Жедел басқару ортылығына лагерьдегі жас тәрбиешінің балаларға тиіскені туралы ақпарат түскен. Кейін Қылмыстық кодекстің 124-бабы 3-бөлігімен іс қозғалғаны мәлім болды.

«26 наурыз күні Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 124-бабы 3-бөлігімен айыпталған «Ө« есімді азаматқа қатысты іс қаралды. Сотталушы айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің барынша жоғары мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар