Ақтөбеде жазғы лагерьден қашып кеткен 3 бала аман-есен табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде үш бала лагерьден қашып кетіп, біреуі анасының үйінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылында орналасқан «Күншуақ» лагерінен үш жасөспірім қашып кетті.

Полиция қызметкерлері жазғы лагерьден қашып кеткен кәмелет жасқа толмаған балалардың біреуін анасының үйінен тапты.

«Күншуақ» лагерінде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың балалары демалады. Жасөспірімдердің жоғалғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін бірден іздеу тобы құрылды. Екі бала көп ұзамай табылып, лагерьге қайтарылды. Ал 13 жастағы бала Қобда ауданынындағы анасының үйіне кетіп қалған. Ол анасын сағынғанын, отбасына оралғанын айтты», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар