+7 (701) 759 90 19
USD 429.76 EUR 518.16
RUB 5.64 CNY 66.15
Jańalyqtar

Ақтөбеде жазасын өтеушілерге арналған арнайы бағдарлама іске қосылады

2021 жылғы 28 ақпан 03:42
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жазасын өтеушілерге арналған арнайы бағдарлама іске қосылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 15 аудандық пробация қызметі бар. Пробация қызметі сотталғандарды жан-жақты көмек беріп, жұмысқа орналастыруға ден қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ортақ мүлікті басқарудың жаңа түріне көшпеген пәтер иелері қандай жеңілдіктерден қағылады Алматыда нысандар құрылысының сапасын «халық бақылаушылары» қадағалайтын болады Нотариаттық құпия ұғымы анықталды – Әділет министрлігі

Пробация қызметкерлерінің қолдауымен кәсіп бастап, қоғамға бейімделіп кеткендері аз емес. Бұдан бөлек жергілікті пробация қызметі заң аясында жәрдемақы мен әлеуметтік төлем тағайындауға көмектесті. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қобда аудандық пробация қызметіне есепке алынған Т-ға қатысты бірнеше жұмыс атқарылды. Алдымен аудандық жұмыспен қамту бөліміне ұсыныс жолданды. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, сотталған Т-ға мемлекеттік атаулы көмек тағайындалды. Оған ай сайын 42 500 теңге атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Сонымен бірге ІІІ-топтағы мүгедектігін ескерген пробация қызметі кепілдендірілген медициналық көмекті алуға жәрдемдесті Аудандағы орталық аурухананың психолог маманынан психологиялық көмек алды. Қобда аудандық пробация қызметі жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, оны күзетші етіп жұмысқа орналастырады. Екі оқушы баласы мектеп жанынан тегін ыстық тамақпен қамтылды.

«Аудандық пробация қызметінің жеке бағдарламасы аясында жан-жақты көмек берілді. Бұл жұмыстар сотталған адамның қоғамға тез бейімделіп, қайта қылмысқа бой алдырмауы үшін жасалып жатыр. Сотталған Т. пробация қызметі тарапынан ұйымдастырылатын барлық профилактикалық іс-шараларға белсене қатысты және сот жүктеген міндеттерді қатаң сақтап келеді. Сонымен қатар, өз іс- әрекеті туралы есеп беруге пробация қызметіне уақытылы келіп тұрады»,- дейді Қобда аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Айгерім Жаңбырбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT