+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік қағып, көз жұмды

2021 жылғы 29 шілде 19:54
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік қағып, көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 42 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды. Оны Қиыл ауылы маңында көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да «КамАЗ» көлігі 12 жасар қызды басып кетті Алматы облысында көлік қағып көз жұмған жаяу жүргіншінің аты-жөні анықталмай жатыр Алматы облысында көлік қаққан 8 жасар оқушы мерт болды

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қиыл ауылы маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені туралы хабарлама кезекше бөлімге түскен.

Батыс Қазақстан облысынан Қобдаға қарай «Самара-Шымкент» тасжолымен жүрген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айтып өтейік, шілде айында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Оның ішінде екеуі қаза тапты, ал 9-ы жараланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT