Ақтөбеде жаяу жүргіншіні екі көлік қағып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жаяу жүргіншіні жүк көлігі мен жеңіл көлік қатар қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Самара - Шымкент тасжолындағы «Рауан» ауылынан шығып, Заречный елдімекенінің орталық көшесімен жүрген КаМАЗ көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Сол кезде жүк көлігінің артында келе жатқан «Мерседес» көлігінің иесі жол үстінде жатқан жаяу жүргіншіні екінші рет соқты. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан. Ауыр жарақат алған жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды.
«Мерседес» автокөлігінің жүргізушісін анықтау мақсатында (шолақ шалбар мен футболка киген, келбеті азиялық ер адам) іздеу жарияланды. Куәгерлерді анықтау кезінде 102; 936-403; 936-408 телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар