+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Ақтөбеде жат ағымда жүргендер 57 қылмыс жасаған

2019 жылғы 5 қараша 14:19
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жат ағымда жүргендер 57 қылмыс жасаған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері жат ағым жетегінде жүргендер 57 қылмыс пен 400-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық жасаған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық істердің 13-і діни, 30-ы көші-қон, 11-і салық саласына қатысты құқықбұзушылық кезінде тіркелді. Мәселен, қала тұрғынын тінту кезінде 10 діни кітап табылды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 453 бабы 4 бөлімі бойынша оған 252 мың теңге айыппұл салынды. Жат ағым жетегінде жүргендер дінді жамылып, қылмыс жасайды, ұрлыққа, адам өлтіруге барады. Қарақшылық шабуыл жасағандары да бар. Мәселен, қала тұрғыны ашық түрде телефон ұрлап алды. Жедел іздестіру кезінде 23 жастағы дестуктивті ағымда жүрген күдікті ұсталды. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотталушы өз жазасын алды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе полициясы 21 жастағы жігітті атып, мерт қылған қала тұрғыны да жат ағымда жүрген күдікті деп есептейді.

«Тағы бір дерек бойынша 31 жастағы күдікті қазан айында қала түрғынынан 340 мың теңге ұрлап кеткен. Күдікті дереу ұсталды. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ол да деструктивті ағымда жүрген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT