Ақтөбеде жат ағым жетегінде кеткендермен белсенді жұмыс жүргізілуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында теріс ағым жетегіне жеткен 12 адам бар. Олардың төртеуі жоғары білімді, екеуі өзге де түрлі жұмыстарды істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбенің Байғанин ауданында діни ахуал тұрақты. Дегенмен қазіргі күні жат ағым жетегінде жүрген 12 адам тіркеуге алынған.

«Діни көзқарасы басқа, жат ағымды ұстанатындардың төртеуі жоғары білімді, екеуі жұмысшы, екеуі сауда саласында қызмет етеді. Өткен жылы 94 адам екпе алмай, біз осы сұрақты шешу үшін бір медицина қызметкерін штаттық жұмысқа алдық. Ол жыл бойы ата-аналармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жыл басынан бері 7 адам екпе алды»,- дейді Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов.

Айта кетейік, Ақтөбедегі «Аңсар» ақпараттық-талдау ортылығы, мешіт имамдары түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр. Өткен жылы теріс ағым жетегінде кеткен 300 адам кері қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар