Ақтөбеде жастарға қайтарымсыз грант беру жалғасады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 500 жас қайтарымсыз грант алса, 300 жас несие алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» телеарнасында жүмыспен қамту, жастарды еңбекке араластыру мәселесі қаралды. Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиевтің айтуынша, зейнеткерлер орнын жастар алмастыру үшін де арнайы жұмыс атқарылды.
«Жұмыспен қамту үшін бірқатар шара жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрап отыр. Яғни, 20 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Оның 60% әйел, өзгесі ер адам. Былтыр жұмыспен қамту бағытындағы жұмысқа 56 мың адам тартылды. Оның ішінде 30 мыңнан астамы тұрақты және бос жұмыс орындарына орналастырылды. 1500 адамға қайтарымсыз грант берілді. 2,5 мыңнан астам адам Жастар тәжірибесіне жолданды. «Бизнес бастау« жобасы аясында мыңнан астам адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыттық. Кәсіптік және техникалық білім алу үшін 1100 адам жолданды. 900-ден астам адам қысқа мерзімдік курста оқыды. Мыңға жуық адам пайыздық үстемеақысы төмен несие алды»,-деді Асланбек Шүйіншалиев. Сондай-ақ өңірде 2 мыңға жуық әлеуметтік жұмыс орны құрылды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарды, жастарды, мүгедек бала тәрбиелеп отырғанды жұмыспен қамтуға басымдық берілген.
«Былтырдан бастап «Алғашқы жұмыс орындары« жобасы аясында 100-ге жуық жас алғаш рет еңбекке араласты. «Ұрпақтар келісімшарты« жобасы аясында зейнетке шығатын тәжірибелі мамандар орны жастарға дайындалды. Бұл ең тиімді жоба»,-деді ол.


Соңғы жаңалықтар