Ақтөбеде жастарға арналған телехикая түсіріліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығына аясында «Ақтөбе» телеарнасында ситком жанрында телехикая түсіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлығы 10 бөлімнен тұратын сериалдың алғашқы маусымы оқу жылының соңында дайын болады. Идея авторы - Азамат Айнағұлов, режиссері - Марат Телеуов, ал сценарий авторы - Өркен Мұқақов.

«Жастарға арналған телехикая қазақ тілінде түсіріліп жатыр. 15-45 жас аралығындағы көрермен үшін қызықты болады. Кастингке 180 адам қатысып, 8 басты рөлді сомдайтын әртіс таңдалды. Олардың арасында студенттер мен әзілкештер бар. Негізгі оқиға жатақханада өрбиді. Ауыл мен қала жастары, көршілес Ресейден келген студенттердің қарым-қатынасы, дастық пен сатқындық, махаббат пен адалдық, қазіргі жастардың өмірі суреттеледі. «Ақтөбенің жастары осындай» деп көрсетеміз», - деді «Қазақстан» РТРК» Ақ АО филиалының директоры, телехикая продюссері Ернұр Бурахан.

Ал режиссер Марат Телеуов туынды өзгелерге ұқсамайтын болады деп сендіріп отыр. null

«Біз республикаға көрсетуге болатын туынды дайындауымыз керек. «Ақтөбеде жасалған» деген талапқа толық сай келеді. Түсірілім алаңындағы жастар да барын салып жатыр. Жастар жылы болған соң инвесторларды қолдауға шақырамын. Бұл қаржылық, сонымен қатар қандай да бір ғимаратты жалға беру секілді көмек болуы мүмкін», - деді ол.

Телехикаяның бюджеті коммерциялық құпия күйінде сақталып отыр. Ал телехикая түсірілетін екі бөлмені арна қызметкерлері өз күшімен жасады.

«Телехикая арнаның жертөлесінде түсіріліп жатыр. Бөлмеге қажетті заттардың бәрін телеарна қызметкерлері өз үйінен тасыды. Бірі перде, екіншісі тұсқағаз әкелді. Дизайнер де шақырылмады», - деді Е.Бурахан.null

Айта кетейік, әзірге телехикаяға «Welcome to Aqtobe» деп атау берілді. Бірақ кино түсірушілер атау беруде ұтқыр ұсыныстарды қабылдауға әзір.

«Әлеуметтік желі арқылы хабарлама берген кезде кастингке жастар көп жиналды. Сонымен қатар, «Х кейіпкер» болады. Бұл саясатта, өнерде, бизнесте жүрген белгілі адамдар болуы ықтимал», - деді идея авторы Азамат Айнағұлов. Алдағы уақытта демеушілер табылса, телехикаяның бірнеше маусымы түсіріледі. Алғашқы маусымы 10 бөлімнен тұрады.

Соңғы жаңалықтар