+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ақтөбеде Жастар жылы қорытындыланды

2019 жылғы 20 қараша 13:51
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде Жастар жылы қорытындыланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Жастар жылы аясында өнер, мәдениет, өндіріс және бизнес салаларында жүрген үздік жастар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент: Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады Қазақстандықтар аптасына кем дегенде 2 сағатын волонтерлікке арнауы тиіс – Тоқаев Қаңтардан бастап студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

«Zhas Barys - 2019» форумына белсенділер жиналды. Үздіктерді анықтау барысында жастардың жыл бойы атқарған жұмыстары мен жетістіктері ескерілді.

«Елбасы Жастар жылының салтанатты ашылуында жастарды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету, сұранысқа ие мамандықтарды игеру, жастар кәсіпкерлігін қолдау, волонтерлік қызметті жандандыру, патриоттық ұйымдарды күшейту мақсатында бірнеше өзекті мәселені қозғаған еді. Осы тапсырмаға сәйкес, өңірімізде жұмыс бірыңғай жолға қойылған. Бағдарлама аясында Ақтөбе қаласындағы жас отбасыларға «Нұр Ақтөбе» шағынауданында салынған үйлерден - 100 пәтер, аудан орталықтарында салынған үйлерден 12 пәтер берілді. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша баспанамен қамтамасыз ету үшін 282 жас маманға бюджеттен 987 млн теңге қаржы бөлінді. Жоспарланған іс-шаралар жастарымызды тиісті жұмыс орнымен қамтамасыз етуге тиімді ықпал етті», - деп атап өтті облыс басшысы Оңдасын Оразалин.








Форумда «Үздік жас жұмысшы», «Өнер саласының үздігі», «Медиа саласының үздігі», «Үздік волонтерлік топ», «Ауылдың үздік жас маманы», «Үздік жас кәсіпкер», «Жыл қаһарманы», «Үздік жас отбасы», «Үздік жастар ресурстық орталығы», «Өнер саласының үздігі» сынды он номинацияның иесі анықталды. Оларға қаржылай сый берілді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 202 мыңнан астам жас бар. Биыл 16 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. ЖОО және орта арнаулы оқу орындарын аяқтаған түлектердің 60% тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал өзгесі магистратураға түсіп, оқуын әрі қарай жалғастырды. «Бизнес Бастау» жобасы аясында 195 жас өз ісін ашу үшін шағын несие алды. Сондай-ақ 500-ге жуық жас жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз негізде гранттарға ие болды. «Жасыл ел» жасақтары қатарында 5 мың жас еңбек етті. Стартап жобаларына 40 млн теңге қаржы бөлініп, 8 мыңнан астам жас кәсіпкерлік саласындағы түрлі шаралармен қамтылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT