Ақтөбеде «Жастар аренасы» спорт кешені пайдалануға берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында медициналық университет студенттеріне арналған спорт кешені қолданысқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетте «Жастар аренасы» спорт кешені пайдалануға берілді. Кешеннің ашылуына университетте білім алған трансплантация жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының жетекшісі Жақсылық Досқалиев те қатысты. Сонымен қатар облыс әкімі Ондасын Оразалин, әлем чемпиондары Галиб Жафаров, Бақтыбай Қисықов келді.
null

Айта кетейік, спорт кешені Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қазақстанда 100 фитнес орталық салу тапсырмасы аясында университеттің жеке қаржысына салынды.

«Елбасы Жастар жылы деп жариялап, соның аясында көптеген игі істер ұйымдастырылып жатыр. Ақтөбе қаласының 150 жылдығы қарсаңында да жастарға арналған шара ұйымдастырылуда. Медициналық университет болса студенттерге арнап дене шынықтыру орталығын салды. Студенттер үшін басты міндет оқу, оған демалысты да қатар алып жүру керек. Жастар орталығының ашылуы қуанышты жағдай», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
null

Жастар аренасының құрылысы 2018 жылы басталып, биыл іске қосылды. Кешенде спорт залдары, ұзындық пен биіктікке секіруге алаңы, футбол алаңы, жүгіру жолы және әртүрлі сектор бар. 18-22 сәуірде «Жастар аренасында» Қазақстан Республикасының X-жазғы универсиадасы аясында күрестен жарыс өтті. Байқауға Қазақстанның жоғары оқу орындарының 15 командасынан 130-ға жуық студент қатысты. Медициналық университетте 3 спорт залы, 1 күрес залы, гимназия залы, ауыр атлетика алаңы, арнаулы медициналық топпен жаттығу үшін шағын зал, шаңғы базасы бар. Қазіргі уақытта бұл жоғары оқу орнында 20-дан астам спорт түрінің 26 секциясы жұмыс істейді.

null

Соңғы жаңалықтар