+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

2019 жылғы 20 қараша 01:00
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 14 мал ұрлығы қылмысының беті ашылды Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды БҚО-да тұрғындарды 9,2 млн теңгеге отырғызып кеткен алаяқ сотталды

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен кездесті. Жиын №2 мектепте өтті.

«Кездесуде жасөспірімдер қылмысы мен жол-көлік оқиғасындағы жарақат жайы айтылды. Мәселен, 16 қараша күні сағат 21:30-да Қандыағаш қаласының Жастық шағын ауданында жеке басы анықталмаған жасөспірімдер арасында төбелес болған. Соның салдарынан 10 сынып оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кездесуде полиция қызметкерлері қылмыстың жазасы туралы айтып берді», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 10 қараша күні Ақтөбе қаласында төбелес болып, 10 сынып оқушысы көз жұмды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT