+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

2021 жылғы 4 тамыз 16:35
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Ембі қалалық ауруханасына 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен түсті. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жалған террористік акті мемлекетке қанша шығын әкеледі Қазақстанда жасөспірімдер арасында қылмыс азайып келеді Ақтөбеде инсультті 10 минутта анықтайтын жоба іске қосылды

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында жасөспірімдер төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.

«Ембі қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне белгісіз адамдар 2005 жылы туған жасөспірімді пышақ жарақатымен жеткізді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Кәмелетке толмаған екі баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан бірінің екіншісіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция мен білім беру органдары мән-жайды анықтау мақсатында тексеріс жүргізеді.

«Кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады. Тек алдын алу жұмыстарына отбасы мен жақын адамдары тартылуы керек», - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT