Ақтөбеде жас жігітті атып кеткен күдікті ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАпарат - Ақтөбеде 29 жастағы Жандос Жарболовты атып кеткен күдікті ұсталды. Күдікті уақытше тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Сүт зауыты ауданында 29 жастағы Жандос Жарболовты бірнеше жерден атып кеткені туралы бұрын хабарлаған болатынбыз . Кеудесі мен екі иығына, ішіне оқ тиген жас жігіт ауруханада көз жұмды. Ал бүгін облыстық Ішкі істер департаменті жас жігітті атып кеткен күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат таратты.

«Ақтөбелік полиция қызметкерлері 29 жастағы жігітті атып өлтірген 32 жастағы жігітті ұстады. Күдікті уақытша тергеу оқшаулағышында отыр. Оның айтуынша, екеуі бір-бірін бұрыннан жек көрген. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар