Ақтөбеде жас келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде медициналық мекемедегі қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«14 қазан күні сағат 17:59-да Ақтөбе қаласы Астана аудандық полиция бөліміне медициналық орталықтың УДЗ кабинетінде 20 жастағы келіншектің көз жұмғаны туралы ақпарат түсті. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігімен, яғни, медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы бабымен іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Айдос пен Гүлдана Нұрмағамбетовтер 1 жылдан астам уақыт бұрын отау құрып, балалы болуды армандаған. Гүлдана Нұрмағамбетова 8 ай бойы гинекологиялық ауруларға байланысты жеке клиникада ем қабылдаған. Соңғы емі кезінде дәріні қатты ауырсынып, операция үстелінде көз жұмды.
- Павлодар облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның 80 мың дозасы бөлінеді
- Ақтөбеде түнде қыдырып жүрген балалары үшін ата-аналары айыппұл төледі
- Қарағанды облысында 9 мыңға жуық медицина маманына вакцина салынады
- Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма: Министрлік жауабы
-
Браконьерлік қылмыстар бойынша жыл басынан 23 іс қозғалды
-
БҚО-да 8500-ден астам медицина қызметкерін коронавирусқа қарсы егу көзделуде
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам