Ақтөбеде жас келіншектің өліміне байланысты тергеу басталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 26 жастағы келіншектің өлімінен соң қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде екі апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан Инна Пилич көз жұмып, туыстары құқық қорғау органдарына арыз түсірді. Қазір осы оқиғаға байланысты сот алды тергеу басталды.

«Инна Пилич стационарда жатқанда жүктілік үзілгенге дейін жəне одан кейін де неврология бөлімінің меңгерушілері мен профессор-оқытушылар тексергені анықталды. Жалпы алғанда, мамандардың қатысуымен 9 консилиум өткізілген. Қазір Ақтөбе қаласы, Астана ауданының №1 полиция бөлімі ҚР ҚК 317-бабы, яғни, «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Ақтөбеліктің не себепті қайтыс болғанын арнайы комиссия анықтайды», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы жаңалықтар