Ақтөбеде жас келіншек 9 қабатты үйден құлап, мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласынан жас келіншектің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ақтөбеде 26 жастағы келіншекке қатысты шақыру болды. Дәрігерлер сағат 10:19-да оқиға орнына барып, келіншектің өлімін ғана тіркеді.  Ол жедел жәрдем барғанша жан тапсырған",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға Ақтөбе қаласының "Нұр Ақтөбе" ықшамауданында болды. Бұл оқыс оқиғаны қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіге жариялаған.

 

Соңғы жаңалықтар