Ақтөбеде жас кәсіпкерлер «Бастау» бағдарламасы арқылы оқытылады

None
None
АҚТӨБЕ.ҚазАқпарат - Ақтөбеде жас кәсіпкерлер «Бастау» бағдарламасы арқылы оқытылады. Оқу бір айға созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы мен облыстағы 6 аудан тұрғындары «Бастау» бағдарламасы арқылы оқытылады. Бір ай ішінде жас кәсіпкер бизнес жобасын бастау, жүргізу, табыс табу мен алда кезігетін қиындықтармен күрес жолын үйренеді. Бір айдан соң арнайы сертификат беріліп, несие алуға мүмкіндік жасалады.

«Бір ай ішінде дайын бизнес жоспар жасалады. Білім алған адам жан-жақты сауатты, қолға алған істі тиянақты жүргізуге мүмкіндік алады. Әрі олар ұсыныс берсе, несие алуға ынталы топтың алдында болады. Жоспар бойынша кәсіпкерлерге арналған қаржы қаржылай қолдау қоры арқылы беріледі»,- деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова.

Айта кетейік, биыл облыс әкімдігі, «Даму» Қоры арқылы «Кең дала-2» және «ЖасСтарт-2» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл мақсатқа 1 миллиард теңге қаржы бөлінді. «Жас Старт-2» бағдарламасы арқылы 29 жасқа толмаған жастарға 20 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Ал «Кең дала-2» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлеріне бағытталған. Екі бағдарлама да өткен жылы басталып, биыл жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар