Ақтөбеде жанармай бекетіндегі жарылысқа байланысты комиссия құрылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы жанар-жағармай таситын көлік жарылысына қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің өндірістік аумағындағы базада жарылыс болып, екі адам жансақтау бөліміне түсті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, науқастардың жағдайы ауыр. Ал еңбек инспекциясы тергеу жұмыстарын бастады.

«Қазір комиссия құрылып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Барлығы 3 адам зардап шекті. Комиссия құрамына төтенше жағдайлар қызметі, өрт сөндірушілер кіргізілді»,- деді Ақтөбе облыстық еңбек инспециясының бөлім басшысы Жолмұрат Жұбаназаров.

Айта кетейік, 38 жастағы оператор Серік Палвановтың 5 баласы бар. Қазір науқастардың туған-туыстары ауруханада жүр. Олар түсте және кешкілік жансақтау бөліміне барып, жағдайын біліп отырғанымен, дәрігерлер күйіктің өте ауыр екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар