Ақтөбеде жаңа жылдық мереке күндері мониторинг топтары жұмысын күшейтеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде моноторинг топтары қайта жұмысты күшейтеді. Эпидемиологтар қонаққа бармауға, қонақ шақырмауға кеңес беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы қазір «жасыл» аймақта. Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлемде омикорн штамы тараған тұста жағдайдың күрт өзгеріп кетуі мүмкін екенін еске салды.

«Омикрон шматы әлемнің 100-ден астам елінде тіркелген. ДДСҰ мәліметінше жастар, балалар жиі жұқтырады. Дельта штамына қарағанда тез тарайды және адамға тезжұғады. Сондықтан коронавирус инфекциясын таратпау үшін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті жаңа жылдық мерекені отбасында атап өтуді ұсынады. Отбасылық мереке кезінде көп қонақ шақырмаған дұрыс. Ұзақ уақыт бірге отыру да қауіпті. Еске саламыз, ойын-сауық, демалыс орындарында қызметкерлер мен келушілерден«жасыл» мәртебе талап етіледі. Адам саны 100-ден аспағаны жөн», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова.

Мереке қарсаңында және мереке күндері мониторинг топтар жұмысты күшейтеді. Рейд күндіз және түнде жүргізіледі.

Айта кетейік, мониторинг топтар мен жергілікті полиция қызметінің хабарламасынан соң 92 млн теңгені құрайтын мыңға жуық айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар