+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Ақтөбеде жаңа тағайындаулар болды

2020 жылғы 18 ақпан 14:41
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жаңа тағайындаулар болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қылмыстық-түзету жүйесінің облыстық департаментінің бастығы мен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және ҚР ІІМ бұйрығымен, ҚР ІІМ Қылмыстық-түзету жүйесінің облыстық департаменті бастығы лауазымына Алмас Шамишев тағайындалды.


Ол 1979 жылы туған. Жоғары білімді.
ҚР ІІМ Академиясының тыңдаушысы. Еңбек жолын ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі департаменті КА-168/2 мекемесінің жедел уәкілі жедел бөлімінің бастығы болып бастады. Әр жылдары ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, жедел басқару бөлімінің бастығы, Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының режім және қадағалау бөлімінің бастығы болды. 2019-2020 жылдары Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының бұйрығымен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне Нұржан Мақсатов тағайындалды.

Ол Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Өңірлік даму бағыты» бойынша магистрі дәрежесін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасында іс-жүргізу маманы болып бастаған. Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасында өнеркәсіп немесе индустриялық даму бөлімінің басшысы болып қызмет етті.
ҚР Президентінің жастар кадрлық резервіне іріктелген.
Айта кетейік, облыс әкімі Оңдасын Оразалин тағайындалған азаматтардың жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта өңірдің дамуына бірлесіп жұмыс жасаймыз деген сенімін білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT