Ақтөбеде жаңа спорт алаңдары пайдалануға берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде спорт алаңы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 50-ден астам білім ордасына спорттық жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы «Менің елім» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысына 7 спорт алаңын салып берді. Оның бесеуі облыс орталығына, екеуі Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласына салынды. Барлығы 50 жалпы білім беретін мектеп пен есту, көру және ақыл-есінде ауытқушылығы бар балаларға арналған 4 түзету мектебі арнайы құралдармен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, жалпы білім беретін мектептерді спорттық құралдармен жабдықтау үшін өңірде «Биіктерге бірге» байқауы өткізілді.

«Жоба аясында салынған спорт, ойын алаңдары әкімдік балансына беріледі. Ал мектептерге жеткізілген құрал-жабдықтардың бәрі Еуропа елдерінен әкелінді, өте сапалы. Өткен жылы біз Павлодар облысының мектептерін жабдықтап берген болатынбыз. Спорттық жабдықтар өте жақсы сақталған. Ақтөбенің 50 мектебіне 250 миллион теңге жұмсалды. Әр мектепке 5 миллион теңгенің жабдығы алынды. Барлығы Ақтөбе облысына, оның ішінде әлеуметтік салаға 600 миллион теңге жұмсалды»,- дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диас.

Айта кетейік, жаңа спорт алаңдарын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қарап шықты.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар