+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Ақтөбеде «Жан серігім - домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың байқауы басталды

2019 жылғы 10 қазан 16:32
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде «Жан серігім - домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың байқауы басталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Жан серігім - домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың байқауына қатысушылар Қызыл Тұрдалыұлы, Сары Батақұлы, Наурызбек жырау, Тәңірберген Молдабай, Шернияз Жарылғасұлы сияқты Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жыраулардың шығармаларын орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақындар адалдық пен патриотизмді жырлады - Көкшетау Алматыда тарихшылардың VІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті Сарыағаш ауданында «Түркістанның рухани керуені» кездесуі өтті

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияның 75 жылдығы, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Жан серігім-домбыра» дәстүрлі әнші-жыршылардың республикалық байқауы өтіп жатыр. Байқауға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан үміткерлер қатысады. «Халық ықыласына бөленген даңқты өнер иелері Қызыл Тұрдалыұлы, Сары Батақұлы, Наурызбек жырау, Тәңірберген Молдабай, Шернияз Жарылғасұлы, Нұрпейіс Байғанин, Бәкір Тәжібаев секілді Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жыраулардың, сазгерлердің шығармаларын кеңінен насихаттау, жас орындаушылардың өнерін дамыту мақсаты көзделді. Бұрын аймақтық еді, Мәдениет және спорт министрлігі, облыс әкімдігі, мәдениет басқармасының қолдауымен республиканы қамтып отыр. Тек 18-35 жас аралығындағы өнерпаздардан өтініш қабылданды», - деді облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев. Әділқазылар құрамында әнші Ғ.Құрманғалиевтің шәкірті Хайдар Өтеғалиев, белгілі жыршы, күйші Елдос Еміл бар. «Байқау - адамның көңіліне демеу беретін, медеу беретін нәрсе. Елдің негізгі рухани діңі өнер болғандықтан осыны ардақтап, болашаққа жеткізу парыз. Қазақстанның барлық өңірінде бар, дегенмен Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Оралда жыршылық әлі өлген жоқ. Байқау ұлттық өнерді сақтап қалуға, дамытуға септігін тигізері сөзсіз», - деді белгілі жыршы, күйші Елдос Еміл.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT