+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақтөбеде жалғызбасты зейнеткердің үйін тонап, өлтіріп кетті

2020 жылғы 15 тамыз 10:16
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жалғызбасты зейнеткердің үйін тонап, өлтіріп кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы маңындағы Пригородный ауылының 83 жастағы тұрғынын өлтіріп кетті. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл тұрғындары Жедел басқару орталығына қоңырау шалып, түнде 83 жастағы көршісінің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы зейнеткердің қылғынып (механикалық асфиксия) өлгенін, зорлық белгілерін анықтады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 57 жасар ақтөбелік күдіктіні анықтады. Ер адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Ол жалғызбасты зейнеткердің үйіне кіріп, оны тонамақ болған. Зейнеткер дыбыстан оянып кеткен, күдікті оны ұрып-соғып, қылғындырған. Алайда зейнеткердің үйінен ол бар болғаны 1-2 мың теңге көлемінде ақшадан басқа құнды ештеңе таппаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT