+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбеде жалған ПТР анықтамасын сатқан ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты

2021 жылғы 15 қыркүйек 22:07
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жалған ПТР анықтамасын сатқан ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жалған ПТР анықтамасын сатқан ерлі-зайыпты айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жұрттың көзінше ер адамды атқан екібастұздық  сотталды Ақтөбеде жексенбі күні де автобустар жүретін болды Ақтөбеде 102 мектептегі 310 сынып оқушысы карантинге жіберілді

№2 Ақтөбе қалалық сотында сотталушы Теміржан Күндолов пен Жазира Махановқа қатысты сот отырысы өтті. Оларға Қылмыстық кодекстің «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, ерлі-зайыпта жалған ПТР анықтамасын жасап, оны Қазақстан-Ресей шекарасынан өтетін адамдарға сатқан. Сөйтіп әр анықтаманы 7500 теңгеге жасап берген. Сот отырысында дәл осындай жолмен жалған құжат жасаған 12 эпизод қаралды. Сотталушы Т.Күндолов сотта өз кінәсін мойындады. Ол 2020 жылдың қазан-қараша айлары арасында әр анықтаманы 7500 теңгеге сатқанын айтып берді. Сонымен бірге сотталушы Жазира Маханов та бар кінәсін мойындады.

«Теміржан Күндолов Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылып, 200 АЕК көлемінде (555 000 теңге) айыппұл төлеу тағайындалсын. Жазира Маханова Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылып, 200 АЕК көлемінде (555 000 теңге) айыппұл төлеу тағайындалсын», - деп жазылған үкімде. Айыппұлды 15 күнде төлеу міндеттелді.

Айта кетейік, ПТР сынамасын сатқандар биыл жазда анықталып, ұсталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT