+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан ауыл тұрғыны қамалды

2020 жылғы 7 сәуір 13:30
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан ауыл тұрғыны қамалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде төтенше жағдай режимі жарияланған күннен бері ереже бұзған 178 дерек тіркелді. Темір ауданының тұрғыны блокпост туралы жалған ақпарат таратып, қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері волонтерлермен бірге төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Көбіне дүкен иелері белгіленген жұмыс кестесін сақтамайды, сатушылар маска кимейді.

«ӘҚБтК «Төтенше жағдай режимін бұзу», «Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» баптары бойынша айыппұл салынып, қамауға алынды. Мәселен, Темір ауданының тұрғыны 10 тәулікке қамалды. Ол Whatsapp мессенджер арқылы таныстарына «Темір ауданында блокпост арқылы коронавирус инфекциясын жұқтырған адам өткен» деп ақпарат таратқан. Бұл ақпарат жалған. Ақтөбе облыстық полиция департаменті азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге және төтенше жағдай режимін сақтауға шақырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласы 6 сәуір күні сағат 21:00-де карантинге жабылды. Полиция, Ұлттық гвардия және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері кезекшілікке шықты. Облыс орталығындағы көшелерінде тәулік бойы 90-нан астам бірікккен кезекшілік ұйымдастырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT